Құжаттарды заңдастыру

Құжатты қалай заңдастыруға болады?

  1. Last updated on

Бір елдің ресми құжаты басқа елде бірден жарамды болмайды. Шетелде қолдану алдында, көптеген құжаттарды алдымен заңдастыру қажет.

Егер сіз бельгиялық құжаттарды Қазақстан, Қырғыз Республикасы немесе Тәжікстанда пайдаланғыңыз келсе, ол құжаттар Брюссельде заңдастырылуы тиіс.

Бас Консулдық Бельгияда қолданылатын Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан құжаттарын ресімдеуге жауапты, төменде көрсетілген процедураны орындаңыз:

  1. Қырғыз Республикасы және Тәжікстандық құжаттары үшін заңдастыру. Екі заңдастыру қажет: алдымен, құжат еліңіздің Министрлігі тарапынан заңдастырылуы қажет. Содан кейін, біз Консулдықта  екінші заңдастыруды жасаймыз.
  2. АпостильҚазақстандық құжаттар үшін. Оңайлатылған рәсім. Қазақстандық құзыретті органдар  құжаттарды апостильдейді. Бұл апостиль тікелей Бельгияда қабылданады. Сізге біздіӊ Консулдықтыӊ қызметі қажет емес.

Толық ақпарат сілтеме арқылы: Legalisation : more detailed information | Federal Public Service Foreign Affairs (belgium.be).