Консулдық қызметтер
Консулдық қызметтер – Олар қандай қызметтер?
Елшіліктің екі маңызды міндеттері бар.
Біз Бельгияның мүддесіне шетелде өкілдік етеміз – бұл дипломатиялық жағы болып табылады. Сонымен қатар, біз шетелде тұратын бельгиялықтарға және Бельгияға қатысы бар шетел азаматтарына көмек көрсетеміз: бұл біздің консулдық қызметтеріміз.
Сіз шетелге уақытша бара жатқан Бельгиялықсыз ба?Онда туристік кеңес бөлімін француз немесе голланд тілінде оқыңыз.
Сіз Қазақстан, Тәжікстан немесе Қырғыз Республикасында тұратын Бельгиялықсыз ба?
Сізге қандай көмек көрсете алатынымыз туралы осы жерден біле аласыз:
Қандай жұмыс атқарамыз
2014 жылғы Консулдық кодекс Бельгияның консулдық мекемелерінің құзыретін анықтайды.
Біздің консулдық есепте тұрған Бельгиялықтарға, біз "мэрия" ретінде келесі мәселелер бойынша қызмет көрсетеміз: жеке куәлік, төлқұжат, сайлауға тіркеу, бала асырап алу, құжаттарды заңдастыру, анықтамалар, нотариалдық актілер, азаматтық алу мәселелері...
Осы орайда әрине, біз, сіздің деректеріңіздің құпиялығын құрметтейміз.
Нақтылау үшін, сол жақтағы керекті тақырыптың атауын таңдап басыңыз.
Біз келесі сұрақтармен айналыспаймыз
Елшілік азаматтардың жеке істеріне, сондай ақ. мекендеген елдің де ішкі істеріне араласпайды. Және де, біз туристік агенттік емеспіз.
Атап айтқанда, Елшілік:
- Екі азаматтыққа ие адамдар, олардың екінші елінде тұрған жағдайға (мысалы: Қазақстанда тұрған бельгия-қазақстандық азаматтығы бар адам) араласпайды.
- Соттың істі қарауына араласа алмайды. Сіз жергілікті заңнама мен құқықтық рәсімдерді қадірлеуге міндеттісіз. Шетел азаматы ретінде сізге қатысты жағымсыз әрекеттердің жасалу мүмкіндіктерін және заңнама талаптарының сақталуын ғана анықтай алады. Біз пұрсаттылық жағдайларды қамтамасыз ете алмаймыз.
- Дәрігерлерге, мектепке, сақтандыруға, зейнетақыға, әлеуметтік қамсыздандыруға, жұмысқа рұқсат алуға кедергі жасамайды.
- Шоттарды төлемейді, мейманханаларды брондамайды, жолжүгін іздемейді.
Елшілік немесе Бас Консулдық па?
Кейбір елдерде, Бельгия елшілігі мен бас консулдығы бөлек ғимараттарда, кейде басқа қалаларда орналасқан. Астана қаласында олар бір ғимаратта орналасады. Елші, сондай-ақ, Бас Консул болып табылады. Сонымен, бізге хабарласыңыз, ал біз дұрыс мөрдің қолдануына көз жеткіземіз!