-
Last updated on
Астана қаласындағы Бас Консулдық виза бермейді.
Ерекшеліктер: Консулдық Бельгияға оқуға барарда студенттік виза өтініміне қатысты медициналық сертификатты растайды және студенттің қаржылық қамтамасыздығын кепілдейтін құжатты (annexe 32) ресмилендіреді.
Өзбекстан тұрғындары үшін қысқа мерзімді (Шенген) визаларды Ташкенттегі Мажарстан Елшілігі береді.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Өзбекстан тұрғындары үшін қысқа мерзімді (Шенген) визаларды Ташкенттегі Мажарстан Елшілігі береді. Ташкенттегі Франция Елшілігі енді Өзбекстан тұрғындарына Бельгияға бару үшін қысқа мерзімді визаларды бермейді.
Өзбекстан тұрғындарына ұзақ мерзімді визаларды Бельгияның Ыстамбулдағы Бас Консулдығында береді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан тұрғындары үшін Бельгияға ұзақ мерзімді визалар Ыстамбұлдағы Бельгияның Бас консулдығында береді.
Бұдан былай Бельгияның Мәскеудегі Елшілігі Өзбекстан тұрғындары үшін Бельгияға ұзақ мерзімді визаларды рәсімдемейді.
Сұрақтар бойынша келесі контактілерге хабарласыңыз:
Қазақстан
1. Туристік виза (Шенген виза)
Шенген визаларын Астана қаласындағы Австрия Консулдығы немесе Алматы қаласындағы Мажарстан Консулдығы береді.
2.Ұлттық ұзақ мерзімді виза
Ұзақ мерзімді визаларды Бельгияның Мәскеудегі Елшілігі шығарады.
3. Аккредиттелген дәрігерлер
Егер сізге аккредиттелген дәрігерден сертификат қажет болса, соңғы ақпарат алу үшін Астанадағы Консулдыққа хабарласыңыз.
Өзбекстан
1. Туристік виза (Шенген виза)
2026 жылғы 1 наурызға дейін : Шенген визаларын Ташкенттегі Франция Елшілігі береді.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап : Шенген визаларын Ташкенттегі Мажарстан Елшілігі береді.
2.Ұлттық ұзақ мерзімді виза
Ұзақ мерзімді визалар Бельгияның Ыстамбұлдағы Бас консулдығында беріледі.
3. Аккредиттелген дәрігерлер
Егер сізге аккредиттелген дәрігерден сертификат қажет болса, соңғы ақпарат алу үшін Астанадағы Консулдыққа хабарласыңыз.
Қырғыз Республикасы және Тәжікстан
1. Туристік виза (Шенген виза)
Шенген визаларын Қырғыз Республика азаматтары үшін – Бішкектегі Германия Елшілігі, және Тәжікстан азаматтары үшін – Душанбідегі Германия Елшілігі береді.
2. Ұзақ мерзімді виза
Ұзақ мерзімді визаларды Бельгияның Мәскеудегі Елшілігі шығарады.
3. Аккредиттелген дәрігерлер
Егер сізге аккредиттелген дәрігерден сертификат қажет болса, соңғы ақпарат алу үшін Астанадағы Консулдыққа хабарласыңыз.