-
Last updated on
Бір елдің ресми құжаты басқа елде бірден жарамды болмайды. Шетелде қолдану алдында, көптеген құжаттарды алдымен заңдастыру қажет.
Егер сіз бельгиялық құжаттарды Қазақстанда, Қырғыз Республикасында,Тәжікстанда немесе Өзбекстанда пайдаланғыңыз келсе, ол құжаттар Брюссельде заңдастырылуы тиіс.
Егер сіз Бельгияда Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген құжаттарды пайдаланғыңыз келсе төмендегі процедураны орындаңыз:
- Тәжікстаннан келген құжаттар үшін заңдастыру. Екі заңдастыру қажет: алдымен, құжат еліңіздің Министрлігі тарапынан заңдастырылуы қажет. Содан кейін, біз Консулдықта екінші заңдастыруды жасаймыз.
- Қазақстан, Қырғыз Республикасы немесе Өзбекстаннан келген құжаттарға апостиль қою. Оңайлатылған рәсім. Бұл елдердің құзыретті органдары апостиль қояды. Бұл апостиль тікелей Бельгияда қабылданады сондықтан сізге Консулдықтыӊ қызметі қажет емес.
Толық ақпарат сілтеме арқылы: Legalisation : more detailed information | Federal Public Service Foreign Affairs (belgium.be).