Қазақстандағы Бельгия елшілігі
Home Newsroom

Newsroom

News Items

03 Apr
2017 жылдың 16 наурызында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Бельгияның жаңа Құрметті Консулы Денис Ван ден Вейх мырза ант берді.
10 Nov
Бельгия Корольдігінің Елшілігі және фотограф Барт Хейрверг Бейбітшілік және келісім сарайында (Тәуелсіздік даңғылы 57, 6 қабат) орналасқан «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығында өтетін «Фландрия турының белестері» фотокөрмесіне шақырады. Фотокөрме 2016 жылдың 18 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында өтеді.
19 Sep
Алматы қаласының әкімдігі жексенбі 11 қыркүйек күні «Алматы күндеріне» арналған бірнеше жүз велосипедшілерді мерекелік атмосферада жинаған спорттық іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты Алматы тұрғындарына Валлон аймағын ашу мақсатымен үндес болған салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
29 Jul
21 шілдеде Елшілік Rixos қонақ үйінде Ұлттық мерекеге орай қабылдау өткізді. Қабылдауда 200-ден астам адам қатысты.
04 Jul
2016 жылдың 23 мен 25 маусым аралығында Астана қаласында "AGRIANIMALS.KZ-2016» алғашқы көрмесі өткізілді.
28 Jun
Валлон компаниялардың өкілдері 2016 жылдың 20 мен 24 маусым аралығында Алматы қаласындағы AWEX кеңсесі ұйымдастырған сауда миссиясының аясында Алматыға, Астанаға, Өскеменге сапармен барып келді. Төменде барлық қатысушылар мен көптеген басқа конақтар үшін 20 маусым күні Алматы қаласында AWEX кеңсесі ұйымдастырған табысты қабылдау туралы миссиясының қысқа баяндамасын таба аласыз.
14 Mar
Өткен жылдардағыдай Бельгияның Астанадағы Елшілігі Франкофония мерекесіне қатысты. Құрметті Консул Ниязбек Алдашев мырза және АВЕКС кеңсесінің басшысы Лейла Алиева ханым «Wallonie-Bruxelles International» қолдауының арқасында «La Tendresse» (НӘЗІКТІК) фильмін Бишкек (Қырғызстан) қаласында ұсынды.
08 Dec
2015 жылғы 6 желтоқсанда Астанада елшілер зайыптыларының Дипломатиялық Клубы ұйымдастырған Рождестволық Қайырымдылық Базары өтті. Бельгия Елшілігінің стенді (фотосуретті қараңыз) шоколад, сыра (сыра қайнататын орын «Шымкент Пиво» және біздің отандасымыз Алан Дебург мырзаның қолдауымен) бәліштер мен вафлидің жергілікті ассортиментін ұсынды. 51 елшіліктің тырысуы тамаша халықаралық оқиғамен аяқталды, ал жиналған үлестері 28 000 000 тенге (85.000 евро шамасында) құрды.
30 Nov
2015 жылдың 23 мен 27 қараша аралығында Бас Директордың орынбасары Шанталь Де Бле ханым бастаған экпорт бойынша Валлон Агенттігінің сауда миссиясы Бишкекте (Қырғыстан), Алматыда (Қазақстан) және Душанбеде (Тәжікстан) болып өтті.

Pages