Қазақстандағы Бельгия елшілігі
Home Консулдық қызметтер Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас консулдыққа тіркелу

Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас консулдыққа тіркелу

1. Қазақстан, Қырғызстан Республикасында немесе Тәжікстанда тұрақты тұратын Бельгиялықсыз

Сіз біздіӊ  Консулдыққа  тіркеле аласыз. Біз  сіздің деректеріңіздің құпиялығын құрметтейміз: Belgian or European consular assistance | Federal Public Service Foreign Affairs (belgium.be).

Сіз бізге тіркелгеннен кейін біз сіз үшін «қалалық әкімдіктің» функцияларын орындаймыз.Төлқұжаттар, жеке куәліктер, сайлау, куәландыру сұрақтарымен бізге хабарласа аласыз...

Бельгиядан кетпес бұрын және біздің юрисдикция елдерінің біріне келгеннен кейін сілтеме бойынша процедурамен танысыңыз: For Belgians abroad | Federal Public Service Foreign Affairs (belgium.be).

2020 жылдың 30 қарашасынан бастап сіз біздің консулдықта  «e-Consul»  сілтеме арқылы онлайн тіркеле аласыз: https://econsul.diplomatie.be/.

Егер сіз:

  • Бельгия азаматы болсаңыз;
  • Бельгиядағы коммунаға шетелге кететіндігіңізді хабарланып, сол коммунада (бұдан әрі) тіркелмегеңсіз;
  • Сізде жарамды және белсендірілген бельгиялық жеке eID куәлігі бар болса;
  • Жеке eID куәлігіңіздің PIN кодын білесіз және куәлігіңіздің картридері бар болса.
  • көрсетілген сайтының қызметтерін пайдалану мүмкіндігіңіз бар.

Сіз сондай-ақ Бельгия азаматы болып табылмайтын отбасы мүшелерін тіркей аласыз. Бірақ қажет болған жағдайда олардың өз елі консулдық көмек көрсете алады.

 

2. Сіз Қазақстанда, Қырғыз Республикасында немесе Тәжікстанда уақытша тұратын Бельгияның азаматысыз (жұмыс, студент ретінде…)

Сіздің елде болғандығын біздің консулдыққа хабарлауға болады. Біз сіздің деректеріңізді консулдық көмекті жеңілдету үшін сақтаймыз (мысалы  апат, эвакуация жағдайларда…).

 

3. Сіз турист ретінде Қазақстанға, Қырғыз Республикасына немесе Тәжікстанға келген Бельгияның азаматысыз

Бұл жағдайда консулдықта тіркелудің қажеті жоқ. Консулдық көмекті жеңілдету үшін  Travelers Online арқылы саяхатыңызды тегін тіркей аласыз: http://travellersonline.be/.