Бельгияға виза
Деректерді қорғаудың жалпы ережесі туралы ақпарат
Толық ақпарат сілтеме арқылы: Visa for Belgium | Federal Public Service Foreign Affairs.
Астана қаласындағы Бас Консулдық виза бермейді.
Ерекшеліктер: Консулдық Бельгияға оқуға барарда студенттік виза өтініміне қатысты медициналық сертификатты растайды және студенттің қаржылық қамтамасыздығын кепілдейтін құжатты (annexe 32) ресмилендіреді.
Сұрақтар бойынша келесі контактілерге хабарласыңыз:
Қазақстан
1. Туристік виза (Шенген виза)
Шенген визаларын Астана қаласындағы Австрия Консулдығы немесе Алматы қаласындағы Венгрия Консулдығы береді.
2.Ұлттық ұзақ мерзімді виза
Ұзақ мерзімді визаларды Бельгияның Мәскеудегі Елшілігі шығарады.
3. Аккредиттелген дәрігерлер
Егер сізге аккредиттелген дәрігерден сертификат қажет болса, соңғы ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтандағы Консулдыққа хабарласыңыз.
Қырғыз Республикасы және Тәжікстан
1. Туристік виза (Шенген виза)
Шенген визаларын Қырғыз Республика азаматтары үшін – Бішкектегі Германия Елшілігі, және Тәжікстан азаматтары үшін – Душанбідегі Германия Елшілігі береді.
2. Ұзақ мерзімді виза
Ұзақ мерзімді визаларды Бельгияның Мәскеудегі Елшілігі шығарады.
3. Аккредиттелген дәрігерлер
Егер сізге аккредиттелген дәрігерден сертификат қажет болса, соңғы ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтандағы Консулдыққа хабарласыңыз.